КҮН

lat: KÚN /509/

зат. 1. Таңның атысынан, күннің батуына дейінгі аралық; күндіз.

Түн өтеді, қайтадан күн келеді, Күн өтеді, тағы да түн келеді (1,195).

Баяғыдай күндерім түнге ұласқан, 

Түнді сүйем...Сүюші ем түнді жастан.

Өмір деген мектепті бітіре алмай,

Көше алмай-ақ келемін бір кластан (3,82).

2. Жиырма төрт сағатқа тең уақыт; тәулік, сөтке.

Содан бері күн өтті, айлар өтті,

Айлар өтті, арман боп ойлар өтті (1,135).

Санаулы күн, Санаулы ай, Санаулы жыл.

Санай жүріп самайлар ағарды кіл.

Уақытты не пайда санағаннан, 

Алатұғын өмірде бағаңды біл (1,214).

Бірнеше күннен кейін Молдекеңнің үй іші бір түнде ғайып болды (4,124).

3. Аптаның жеті күнінің бірі.

Қайсы күн бүгін, Айбар? Сенбі (4,207).

Күн жексенбі. Қоңыр күз, бұлыңғыр (4,236).

4. Уақыт, мезгіл, шақ, кез.

Қайда күндер жылғаның жағасында,

Жылқының арасында дамылдаған? (2,29).

Бақыт деген сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,

Бақытын да, басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің (3,8).

5. Өмір, тіршілік.

Есіңе алшы кешегі өткен күндерді,

Жасырынбақ ойнап жүрген түндерді. 

Сол балалық бақытымнан арылтып,

Ауыр арман мені басып үлгерді (1,24).

Барады өтіп, Барады өтіп күндерім (2,377).